25.11.2025, 11:00
Оқылды: 44

Олжас Бектенов трансшекаралық хабтарды дамыту туралы: бұл жобалар капитал мен жаңа өндірістердің тартылыс нүктелеріне айналады

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде трансшекаралық хабтарды дамыту жобаларын жүзеге асыруда жүйелі көзқарас маңызды екенін атап өтті.

5271591285603110024

«Жүйелі қарайтын болсақ, бұл жобалар капитал мен жаңа өндірістерді тарту орталықтарына айналады. Осыған байланысты жұмыс қарқынын күшейтіп, барлық тараптардың өзара іс-қимылын айтарлықтай жақсарту қажет. Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіруі керек», — деп атап өткен Премьер-министр жобалардың жүзеге асуына тұрақты мониторинг жасау қажеттігіне назар аударды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале