23.12.2021, 9:50
Оқылды: 86

Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы кәрі құрлықта індеттің жаңа толқынын болжады.

0ba77e8b69c6affaea6eaf60884db970_resize_w_742_h_365

Сарапшылардың айтуынша, аймақта эпидахуал күн өткен сайын ушығып барады. Данияда омикрон штамына шалдыққандардың қарасы көбейді. Ал Францияда вирустың бұл түрін науқастардың бестен бір бөлігі жұқтырған. Испанияда бір күнде тіркелген дімкәс жандардың саны 50 мыңға жуықтап антирекорд орнады. Германия мен Ұлыбританиядағы ахуал да мәз емес. Жағдайдың нашарлауына байланысты кәрі құрлық елдерінің басшылары жаңа шектеулер енгізе бастады. Мамандар халықты барынша үйден шықпауға шақырады. Кей мемлекеттер коменданттық сағат жариялады. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемнің 106 елінде тіркелген.

NEGE.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале