18.03.2022, 15:50
Оқылды: 86

Омикрон штамын жеңдік - ДСМ басшысы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220318-WA0035

ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.

"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале