«Омикронды» емдеуде дәрігерлер коронавирустың басқа штамдарында қолданған сегіз вирусқа қарсы препарат тиімділігін көрсетті. Бұл Кент университеті мен Гете атындағы Франкфрут университеті ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Cell Research басылымына сілтеме жасап.
Клеткаларды зерттеу нәтижесі «омикронның» сегіз вирусқа қарсы препараттарға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекке сезімтал екенін көрсетті. Оларға EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин жатады.
Сондай-ақ ғалымдар «омикрон» жұқтырған науқастардың дерттің ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де атады. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.