30.04.2021, 0:14
Оқылды: 92

Он сегізде от кешкендер

Ұлы Отан соғысының ардагері Зям-Зям Мингаждинқызы Свадковская 1924 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Туған жері – Ресейдің Волгоград облысының Ленин қаласы. Мамандығы есепші. Соғыс басталған уақытта Нижний қаласының  комиссариаты арқылы майданға шақырылған. Жеңіспен оралғаннан кейін Иркутск қаласында ұзақ жыл бойы бас есепші болып қызмет атқарып, 1984 жылы зейнет жасына шығады. Көптеген орден-медальдің иесі. Қазіргі таңда отбасымен бірге тұрады.

 Свадовская1

Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Алексеевич Десятов 1925 жылы 3 сәуірде дүниеге келген. Туған жері Ресейдің Свердлов облысының Ревза қаласы. Мамандығы сынақ жасаушы. Соғыс басталған жылы Свердлов әскери комиссариатына шақырту алған. Ал соғыстан кейін Оралға келіп, зейнетке шыққанша қазіргі «Зенит» (Ворошилов) зауытында сынақ жасаушы (испытатель) болып жұмыс істеген. Көп орден-медальді кеудесіне таққан соғыс ардагері бүгінде жалғыз тұрады, ұлы қайтыс болған.

Десятов1

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале