Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында бегілі болды.
Үкіметтің баспасөзінің хабарлауынша, импортты алмастыруды дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.
Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі өскен.
Бұл ретте Қазақстанның импортталатын тауарлардың едәуір бөлігін жергілікті жерде өндіру үшін әлеуеті жеткілікті
«Бұл жұмысқа ел ішіндегі құндылықтарымыз болып табылатын кадрларымызды, шикізат пен тауарларды барынша жұмылдыру маңызды. Үкімет бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын жалғастырады», — деді Әлихан Смайылов.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндауынша, былтырғы 11 ай қорытындысына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің сыртқы сауда айналымы 12%-ға артып, $74,2 млрд-ты құраған.
2023 жылы ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 66 млрд теңгені құрайтын ұзақ мерзімді 179 шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды.
Импорт алмастыруды ынталандыру үшін отандық өңдеушілерді қолжетімді бағада шикізатпен қамтамасыз ету механизмі іске қосылды.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде импортты алмастыруға және экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр импорт алмастыруды дамыту экономика тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор екенін атап өтті.