1.02.2021, 18:11
Оқылды: 2

Өндірістегі техникалық қауіпсіздік

Электрмен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – барлық өндірістік үдерістің ажырамас бөлігі.

24B2E994-36AC-4FE4-B015-3F298EAC4AFD

Сондықтан электр тогымен жұмыс істеуге осы салада білім алғанын растайтын дипломы бар, тәжірибелі мамандар жіберіледі. Сонымен бірге қауіпсіздік техникасын оқыған адамдарға рұқсат етіледі. Ол тиісті куәлікпен және қауіпсіздік журналына аты-жөні, лауазымы, нұсқама жүргізілген күні көрсетілген жазба арқылы расталуы керек. Барлығы емтихан алушы қызметкердің  жеке  қолымен расталуы шарт.

Барлық қызметкер лауазымына қарамастан аттестациядан өтеді. Электр тогымен тікелей байланысқа түспейтін бригадалардың бастықтары өндіріс барысында қарамағындағы жұмысты орындайтындарға толық жауап береді. Арнайы қорғаныс киімін кимей, жұмысқа кірісуге, қорғаныс сыныбына сәйкес келмейтін, өрт деңгейі жоғары және жарылыс қаупі бар жерлерде электр құралдарын қолдануға, ақаулы электр жабдықтарын пайдалануға, бөгде адамдардың  жұмыс кезінде  қауіпті  аймақта болуына  тыйым салынады.

Жұмыс бастамас бұрын, электр құрылғыларының, сымдардың, жалғастырғыш тетік және розеткалардың тұтастығы, жерге тұйықталу кабельдерінің бар-жоғы, корпусқа зақым келмейтіні тексеріледі. Осыдан кейін ғана қондырғыға қуат беріледі. Жабдықтың саптамалары мен қосалқы бөлшектерін ауыстырған кезде  барлық қондырғыда қуат  болмауы  керек. Электр тогымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік  шараларын тек өндірістегі мамандар емес, әр адам күнделікті өмірде сақтауы қажет. Өткен жылы өңірдегі энергетика кәсіпорындарында жеті жазатайым оқиға  орын алды.

А. Ғұсманова,

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің БҚО бойынша аумақтық  департаментінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале