29.07.2022, 12:30
Оқылды: 400

«Өнеге - Бисен - Сайқын» тас жолының үштен бір бөлігі дайын

Батыс Қазақстан өңіріндегі  «Өнеге – Бисен - Сайқын» тас жолының  үштен бір бөлігінде қозғалыс қамтамасыз етілмек. Күре жолдың 35 шақырымына асфальт төселді. Жақын арада жол таңбалары сызылады. Жол-құрылыс жұмысын отандық мердігер ұйымдар жүргізуде.

WhatsApp Image 2022-07-29 at 13.16.42 (1)

Күрделі жөндеу нысанында құрылыс-монтаждау жұмысы үшін барлық қажет ресурс қарастырылды. Осылайша, 140-тан астам арнайы техника мен 200-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы және кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыс қарқынын арттыру үшін мердігер ұйымдар екі асфальт бетон зауытын (АБЗ) іске қосты. Құрылыс материалдарының бір бөлігі көршілес Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан тасымалданады.

WhatsApp Image 2022-07-29 at 13.16.42

Аталған республикалық трассаның жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды.

Күре жол 2 учаскеден тұрады. Жолды қолданысқа беру 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жол құрылысы ұзаққа созылған күре жолдардың қатарында болатын. Алайда биыл құрылыс жұмысы қайта жанданып, қарқынды жүруде.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ»

АҚ-ның баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале