22.08.2022, 10:13
Оқылды: 140

Өнер жеңді!

Сербия мемлекетінде жасөспірімдер арасында VI рет ұйымдастырылған «Ұлттық кубок» атты халықаралық боксшылар сайысында 63 келі салмақ дәрежесінде оралдық спортшы Өнер Сейілхан жеңімпаз атанды.

ӨНЕР СЕЙІЛХАН1

Аталмыш турнирге Қазақ-станның атынан 11 спортшы қатысып, отандастарымыз командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ел абыройын асқақтатқан Айдостың Өнері Теректі ауданының Подстепный ауылында өмірге келген. Бокспен  5-сыныптан бастап айналысатын ол Оралдағы облыстық мамандандырылған олимпиада резерві балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттығады. Бұған дейін ол бокстан жас-өспірімдер арасындағы ел біріншілігінде  бақ сынап, екі рет чемпион атанған.

Өнердің бапкері Ержан Киндихов осы шәкіртінен зор үміт күтетінін айтты.

– Осы жеңіс – жанкешті жаттығулардың бір жемісі. Жарыс барысында үш жекпе-жекке шығып, қарсыластарының бәрін 5-0 есебімен жеңді. Алдағы уақытта да Өнердің  биік белестерді бағындыратынына сенемін, – деді Ержан Ижанұлы.

Айта кетейік, Өнердің ағасы Әмір Сейілхан да бокспен айналысады. Көптеген жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген Әмір биыл Кувейтте өткен халықаралық бәсекеде үшінші орынды  иеленді.

 

Аманжол  Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале