14.08.2024, 13:00
Оқылды: 81

Өнеркәсіптік жабдық өндірушісінің тапсырыстары 30%-ға өсті

Үкімет отырысында «KARLSKRONA LC AB» отандық кәсіпорнының бас директоры Талғат Алпыспаев ірі өндіруші компаниялардың тапсырыстарының едәуір артқанын хабарлады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

56A6C3E6-C7E7-440D-8063-26975F55B886

Сурет: Үкімет

Кәсіпорын сорғы, электротехникалық, блок-модульдік жабдықтарды өндірумен, жеткізумен, монтаждаумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі және атом энергетикасы саласында кешенді техникалық шешімдерді әзірлеуге маманданған.

«Егер нақты айтатын болсақ, онда біз 2024 жылы тапсырыстар көлемінің 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30%-ға және 2022 жылмен салыстырғанда 70%-ға өскенін атап өтеміз. ОТӨ ретінде бізбен жұмыс істеуде қазба өндіру операторларына қатысты да тиімді өзгерістер бар. Бұған тапсырыс көлемінің ұлғаюы да дәлел бола алады. Бұдан басқа, ұлттық режимнен алып тастау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларынан да тиімді шара күтеміз», — деп атап өтті кәсіпкер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале