Дәл қазір шаһардағы Тұңғыш Президент алаңында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» атауымен мерекелік шара өтіп жатыр.
Суреттерді түсірген: Гүлмира Сарсенғали
Балалар мерекесіне облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы құттықтап келді.
Алаңда кішкентай бүлдіршіндерге арналып концерт және шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда.
Мерекелік шараға 1 000-нан астам бала қатысуда.
«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі