4 қыркүйек күні «ТДК-42» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Əкім сұхбаты» бағдарламасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңір тұрғындарына тілегін жолдады.
- Пандемия індетінің қайта келу қаупі бар. Денсаулық – Сіз бен біздің басты байлығымыз. Денсаулық болмаса, басқа байлықтың қадірі де жоқ, қажеті де болмайды. Сол себепті облыс тұрғындарына ең бірінші кезекте зор денсаулық тілеймін. Өмір болғасын жерде қиындықтар болады. Бірлесе отырып, жұмыс жасасақ, бәрін де еңсереміз.
Мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі. Бастысы, денсаулығымызды ойлап, қиындықтарды жеңіп, аман-есен болайық! – деп ел-жұртқа тілегін арнады өңір басшысы Ғ.Есқалиев.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz