7.08.2024, 12:45
Оқылды: 114

БҚО әкімі Ащысай ауылындағы үйлердің құрылысымен танысты

Шыңғырлау ауданының орталығынан 20 шақырым жердегі Ащысай ауылында 10 пәтерлік бес үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мамыр айында іргетасы құйылған баспаналар қазан айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

4CDBC6CB-5E70-4C8C-BD03-A9507BFB4B69

Үй салуды мойнына алған мердігер компания өкілдерінің айтуынша, қазір бес үйдің іргетасын құю жұмысы толық аяқталған. Екі үйдің тасы қаланып жатса, бір үйдің төбесін жабу жұмысы жүргізіліп жатыр. Екі үйдің құрылыс материалдары жеткізілді, қабырғасын көтеру жұмысы басталды.

Шыңғырлау ауданына келген облыс басшысы Нариман Төреғалиев аталған үйлердің құрылыс жұмысымен танысты.

B52D141B-A018-48CB-BAD5-75E7397498B7

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің айтуынша, 273 шыңғырлаулық үй кезегінде тұр екен. Ащысайда бой көтеріп жатқан жаңа үйлер ең алдымен сол тұрғындарға беріледі.

– Үй құрылысын жоспарға сәйкес аяқтауды тапсырамын. Кезегін күткен ағайын қиналып қалмауы керек. Уақытында аяқтаймыз деп сапаны ұмыт қалдыруға тағы болмайды. Мейілінше жергілікті өндірушілер шығарған құрылыс материалдарын пайдаланған жөн, - деді Нариман Төреғалиұлы.

WhatsApp Image 2024-08-07 at 11.41.22

Сондай-ақ Ащысай ауылындағы ескі медициналық пункт басы ауырып, балтыры сыздаған ағайынға толыққанды медициналық қызмет көрсетуге бейім емес еді. Ауылға жаңа емдеу орны керек екені аудан ғана емес, облыс әкімінің есептік кездесуінде де көтерілді.

Өткен жылы аталған күрмеулі мәселенің шешімін табуды қолға алған өңір басшылығы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында ауылға жаңа ФАП салу мәселесін шешкен. Шілде айында құрылысы басталған ФАП қарашада халық игілігіне берілмекші.

WhatsApp Image 2024-08-07 at 11.41.18

Қазіргі таңда емдеу мекемесінің қабырғасы қаланып жатыр. Мердігер компания өкілі ауылға қажетті емдеу орнын салуға толықтай жергілікті өнім пайдаланылып жатқанын жеткізді.

– Біздің басты саясатымыз да жергілікті өндірушілерді қолдау. Ең бастысы уәделі уақытта құрылысты аяқтау және сапалы етіп салу, - деді өңір басшысы.

Түгелбай Бисен

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале