4.04.2017, 16:56
Оқылды: 22

Өңірде 1585 отбасы баспаналы болмақ

Биылғы жылы облысымызға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 млрд. астам теңге қаралып отыр, дейді орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында өткен брифингте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

Баспасөз маслихатында өңір басшысының орынбасары облыстағы энергетика және тұрғын үй коммуналдық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, алда тұрған міндеттер туралы баяндап берді.

Бағдат Азбаевтың айтуынша, биыл аталған бағдарламасы аясында Орал және Ақсай қалаларында сегіз көп қабатты тұрғын үй салынбақ. Ол үйлердегі 985 пәтер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілмек.

Ал облыс орталығынан бой көтеретін көп қабатты екі тұрғын үйдегі 360 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға несиеге беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 8 ауданда 178 тұрғын үй (240 пәтер) бой көтермек.

Айта кетейік, облыс бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны 40 мыңға жетсе, пәтер кезегінде тұрған азаматтардың саны 19 мыңды,  жер кезегінде тұрған азаматтар саны 97 мыңды құрап отыр.

         Нұрбек ЗӘКӘРИЯҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале