Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі өтті.
Облыс әкімінің мәліметінше, ағымдағы жылы өңірдегі 55 елді мекенге таза ауыз су тартылуда. Ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын су тарту жұмыстары аяқталған күнде 65 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады. Сол кезде облыс аумағының таза ауыз сумен қамтылу деңгейі 36 пайыздан 42 пайызға көтерілмек.
Биылғы жылы облыстың сегіз ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы аудандардағы елді мекендерге көгілдір отын жеткізілген жағдайда Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары 100 пайыз газбен қамтылмақ. Оның сыртында ауылдық жерлердегі мектеп, аурухана, жатақхана секілді 100 ден астам нысан көгілдір отынға қосылуда. Осы жұмыстар аяқталғанда өңірдің газбен қамтылу деңгейі 93,4 пайыздан 95 пайызға жетпек.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,
«Орал өңірі»