14.08.2024, 10:30
Оқылды: 137

«Өңірде демеуқаржы артып, маршруттар көбеюде» – маман

Биыл облыста 576 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып, осы мақсатқа 85 млрд теңге бөлінген. Өңірдегі автожолдардың ұзындығы – 6 183 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар аутожолдар – 1 421 шақырым болса, жергілікті маңызы бар аутожолдар – 4 762 шақырым.

428C0041-56FA-4F6A-B5DD-AF25879F938D

– Биыл «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы», «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарының күрделі жөндеуін аяқтап, пайдалануға беру үшін 36,2 млрд теңге бөлінді. «Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы. 0-36 шақырым және 108-144 шақырым» автомобиль жолын қайта жаңғырту бойынша 15,9 млрд теңге бөлініп, жұмыстар жүргізіледі. Осы жолдың 36-72-ші және 72-108 шақырым учаскелерін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚПО б. в.» компаниясының есебінен 2024-2025 жылдары қаржыландыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданындағы Хан ордасы ауылына кіреберіс жолды және «М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» 0-16 (көпір өткелі), 330-369 шақырымын» орташа жөндеуді биыл іске асыру жоспарланды. Жобалардың құны – 7 млрд теңге. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, дайындық жұмыстар жүргізілуде, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Қуанышәлиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Баяндамадан мәлім болғандай, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарды реконструкциялауға және жөндеуге биыл 19,9 млрд теңге (соның ішінде ЖБ – 6,2 млрд тг, РБ – 5,2 млрд тг, ЖСТ – 8,5 млрд тг) көлемінде қаражат бөлінген. Яғни 91 шақырым жол жөнделеді.

Бүгінде «Барбастау – Ақжайық – Индер» аутомобиль жолының 93-145 шақырымын күрделі жөндеу басталған. «Чапай – Жаңақала – Сайқын 307-337 шақырым» (2 км) аутомобиль жолы күрделі жөнделуде. Бұл жұмыстарды іске асыру мерзімі 2024-2026 жылдарға жоспарланған.      

Аудандық маңызы бар аутомобиль жолдары бойынша 39 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде былтырдан ауыспалы 9 жоба бар. Биылғы жұмысқа 14,3 млрд теңге қарастырылып, оған 213,7 шақырым асфальтбетон жабынын төсеу жоспарда тұр. Қазіргі таңда 64,8 шақырым асфальт жабыны төселді. «Ауыл – ел бесігі» және моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша облыстың елді мекендерінің көшелерін жөндеуге бағытталған 36 жоба іске асырылуда.

2024 жылға 8,7 млрд теңге қарастырылып, 93,5 шақырым асфальтбетон жабынын төсеу көзделген. Бүгінде 38,8 шақырым асфальт жабыны төселіп отыр.

Бүгінгі таңда облыста төрт халықаралық маршрут (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов) қатынайды. Сонымен бірге бір облысаралық мар-шрутқа (Атырауға) және 24 ауданаралық маршрутқа 18 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталығына аутобустар жүреді. Соңғы жылдары бұл салаға облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді. Соған сай субсидияланатын маршруттардың да саны өсуде. Мәселен, биыл 400,0 млн теңге субсидия бөлінді. Өңірдегі 14 тасымалдаушы 17 маршрут бойынша субсидия алып отыр.

Марат Ғабделқайырұлы баяндағандай, облыс арқылы «Алматы – Саратов» халықаралық пойызы, «Орал – Астана», «Орал – Алматы», «Орал – Маңғышлақ» облысаралық пойыздары және «Орал – Семиглавый Мар» және «Орал –Шыңғырлау» ауданаралық пойыздары қатынайды.

Ауданаралық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға субсидия беріледі. Биыл  209,0 млн теңге субсидия бөлінген. Орал қаласының және Қазақстан стансасының вокзалдарына техникалық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша күрделі жөндеуге 1 700 млн теңге және 722 млн теңге қажет. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды.  Айта кету керек, 1983 жылы салынған Орал теміржол вокзалы соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ал іргетасы 1937 жылы қаланған Қазақстан вокзалы 2014 жылы күрделі жөнделген. Баяндамашы мәлімдегендей, Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша әуе рейсі қатынайды.

Бүгінгі таңда «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС мамандандырылған жобалау ұйымын тарта отырып, «А» рульдік жолы мен перронның жасанды жабындарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Жалпы құны – 71 млн теңге. ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткен, оң қорытындысы бар.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале