ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, елімізде отбасы құндылықтарын нығайтуға және педагогтер мен психологтардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар қорытындыланды.

Фото: madenietaqparat
Бастамалар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен шағын гранттар аясында жүзеге асырылды.
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» бағыты бойынша БҚО-ның Теректі ауданында «Әйел.Қоғам.Болашақ» ҚБ «Берекелі отбасы – бақытты болашақ» жобасын өткізді. Кездесулерде жас отбасылар мен ауыл әйелдеріне арналып, отбасылық қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, сондай-ақ ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «Әлеуметтік волонтерлікті дамыту» гранты аясында мектеп психологтары мен педагогтердің кәсіби күйзелісінің алдын алуға арналған жоба орындалды. Алматы облысында, Астана, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында өткен 85 іс-шараға 2 977 адам қатысып, эмоциялық күйзелісті ерте анықтау мен оны еңсерудің тәжірибелік әдістерін меңгерді.