15.04.2025, 16:00
Оқылды: 338

Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізіліп, жұмысқа орналастыру және мансаптық ілгерілету мәселелерін талқыланды

2025 жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Мұрат Байсалов Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізіп, олардың жұмысқа орналасуы мен мансаптық ілгерілету мәселелерін талқылады. Кездесу барысында өңірдегі мемлекеттік қызмет саласында жас кадрларды жұмысқа тарту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және мансаптық өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.

WhatsApp Image 2025-04-15 at 16.00.56

Департамент басшысы өз сөзінде өңірлік кадр резервінің маңыздылығын атап өтіп, бұл жүйенің кадр тапшылығын жоюда және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруда ерекше рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар, жастар мен жас мамандар үшін жұмысқа орналасу және мансаптық өсу бағытындағы жаңа мүмкіндіктердің ашылатыны туралы мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылар өңірлік кадр резервінің жұмыс істеу тетіктері мен оған қатысушылардың мансаптық ілгерілеу жолдары туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Мәселен, кадр резервіндегі мүшелер үшін кәсіби даму бағдарламалары мен тренингтер ұйымдастыру, сонымен қатар оларды жоғары лауазымды қызметтерге тарту мәселелері көтерілді.

WhatsApp Image 2025-04-15 at 16.00.55

Департамент басшысы өз кезегінде, өңірлік кадр резерві жүйесін одан әрі жетілдіру және жас мамандардың мансаптық дамуына бағытталған кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың өз саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасау – департаменттің басты міндеттерінің бірі екендігін айтты.

Бұл кездесу Өңірлік кадр резервінің мүшелері үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын және өңірдің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Кездесуде талқыланған мәселелер мен ұсыныстар өңірлік кадр резервінің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылатуға бағытталған нақты қадамдар жасауға негіз болады.

                                          Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                          Батыс Қазақстан облысы бойынша

                                          департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале