24.04.2026, 15:00
Оқылды: 11

Өңірлік комиссия бағаны тұрақтандыру бағытында жұмысын күшейтуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Республика өңірлерінде баға түзілуінің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі Өңірлік комиссиялар құрылды. Аталған комиссиялардың негізгі функциялары — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру, баға түзілу тізбегінен тиімсіз делдалдарды анықтау және шығарып тастау, заңнамада ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесі мөлшерінен асып кету фактілерін қарау және т.б.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 15.44.15 (1)

Осындай Өңірлік комиссия Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанында да жұмыс істейді. Өңірлік комиссияның мүшелері — Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ауыл шаруашылығы басқармасы сияқты уәкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ «AQJAIYQ» ӘКК. Комиссия өз жұмысы аясында тұрақты түрде бизнес субъектілерінің (сауда желілері, өндірушілер мен өнім берушілердің өкілдерінің) қатысуымен кеңестер өткізеді, сауда нысандарына барып, кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мәселен, 2026 жылғы 17 сәуірде Өңірлік комиссия «Алтын Алма» көтерме-бөлшек сауда базарына барып, базардың ет және көкөніс павильондарында мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында базарды жалға алушыларға бейінді нормативтік құқықтық актілердің талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: 15% сауда үстемесін сақтау, өнім бағаларының жазбаша түрде болуы, санитарлық және салық нормаларының талаптары және т.б. қарастырылды.
Көшпелі іс-шараның нәтижесі бойынша келесі шаралар қабылданды:
- аталған базарға «AQJAIYQ» ӘКК-нің тұрақтандыру қорынан картоп жеткізу және сату ісі жолға қойылды;
- осы базарда картоп сатумен айналысатын көтерме жеткізушілердің арасынан 2 делдал (картоп өнім берушілері) шығарылды.
Егер базардағы картоптың бағасы сорты мен сапасына қарай 230-дан 250 теңгеге дейін болса, тұрақтандыру қорының өнімі 145 теңгеден жеткізіліп, 165 теңгеден сатылуда.
Қазіргі уақытта «AQJAIYQ» ӘКК аталған базарға халық арасында үлкен сұранысқа ие 5 тоннаға дейінгі өнімді жеткізіп жатыр. Көкөніс өнімдерін жеткізуді ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінің соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда.
Өңірлік комиссия мұндай іс-шаралардың оң нәтиже беретінін ескере отырып, алдағы уақытта да көшпелі тексерістерді тұрақты негізде жүргізетін болады.
Жалпы, 2026 жылдың өткен кезеңінде Өңірлік комиссия 11 отырыс өткізді. Комиссия жұмысы аясында сатушылардың ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінен асып кетуінің 47 фактісі анықталып, барлық анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале