11.06.2021, 14:40
Оқылды: 9

Өңірлік комиссия жұмысының маңызы зор

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы  қаулысымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия құрылып, құрамы бекітілді. Комиссия төрағасы – әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыс әкімінің орынбасары, жұмысшы органы – ішкі саясат басқармасы.

 4 (1)

Жыл басынан бері өңірлік комиссияның 2 отырысы және жұмыс топтарының 6 кеңесі өтті. Комиссияның бірінші отырысында ведомстоваралық жұмыс алгоритмі, орталық жобалық кеңсенің әдістемелік ұсынымдары, нұсқаулықтар, комиссияның жұмысын ұйымдастыру сұрақтары қаралды. Екінші отырыста өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістеме талқыланып, комиссия шеңберінде 7 жұмысшы тобы құрылды. Сонымен қатар, облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне жергілікті жерлерде тұрғындар арасында сауалнамалар ұйымдастыру, елді мекендердегі ақсақалдар мен өлкетанушыларды, тарихшы мұғалімдерді, кітапхана және музей қызметкерлерін саяси қуғын-сүргін құрбандары есімдерін, тарихи деректер мен фактілерді анықтау бойынша жұмысқа тарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

5

Өңірлік комиссия мүшелері облыс көлеміндегі архив құжаттарымен жұмысты бастап кетті.

27 мамыр күні БҚО әкімдігінің қаулысымен өңірлік комиссия құрамына өзгерістер енгізіліп, комиссия құрамына қосымша 8 адам енгізілді. Оның ішінде ғылыми дәрежесі бар 4 тарихшы, 1 өлкетанушы, 3 мемлекеттік органның өкілдері бар. Бүгінгі таңда комиссия құрамында 19 адам бар. Енгізілген өзгерістер нәтижесінде комиссия құрамы 4 – меморгандардың, 3 – құқық қорғау органдарының өкілдерінен, 7 – тарихшы ғалымдар, 2 – өлкетанушы, облыстық мәслихат депутаты, азаматтық қоғам және БАҚ-тың бір-бір өкілдерінен тұрады.

Комиссия шеңберінде құрылған 7 жұмыс тобы түрлі тақырыптық бағыттар бойынша жұмыстанады.

2

Оның ішінде өңірдегі халық көтерілістеріне қатысқаны немесе қолдағаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды зерттеу бойынша жұмыс тобы, Күштеп ұжымдастыру және 20-шы, 30-шы жылдардағы ашаршылықтан жойылған немесе жапа шеккендерді анықтау  бойынша жұмыс тобы, Кулактар, байлар, жартылай феодалдар мен шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу бойынша жұмыс тобы, Алаш партиясы, Алашорда үкіметі идеясы үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды анықтау бойынша жұмыс тобы, Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы, 1939-1945 жж. фашистік Германия, Финдляндия және басқа да Еуропа елдерінде қамауға алынған әскери тұтқындарды ақтау бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстанға күштеп көшірілгендерді анықтау, 1920-1940 жылдары аралығында мемлекеттің жазалаушы әрекеттерінен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды ақтау бойынша ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыс тобы бар.

кк

Сонымен қатар, комиссия жұмысы аясында жұмыс тобы өкілдерінің  Мемлекеттік комиссияның мүшелері, академик Өмірзақ Озғанбаевпен және репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының директоры Ғарифолла Әнеспен кездесуі оздырылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесіне байланысты өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек алу сұрақтары ұйымдастырылды.

Жұмыс топтарымен өзара іс-қимыл бағыттарын үйлестіру бойынша жұмыс жоспары және ақпараттық қолдау бойынша медиа-жоспар әзірленіп, спикерлер пулы жасақталды.

Облыс аудандарында жергілікті тарихшылар, өлкетанушылар мен ақсақалдардың, кітапхана, архив, музей қызметкерлерін тарту негізінде жұмыс топтары құрылды.

Комиссия жұмысын ақпараттық ілгерілету мақсатында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде арнайы айдарлар ашылды. Өңір тұрғындарынан мәліметтер мен деректер жинау мақсатында арнайы telegram-канал (t.me/bko_aqtau)және call-орталық(87112513605, 87052236840) ашылды. Келіп түскен сұраныстар, өтініштер жауапты тұлғалармен қабылданып, жауаптар, түсініктемелер мен ұсынымдар берілуде.

Сондай-ақ, аталмыш тақырыпта өзекті мәселелерді шұғыл шешу және кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі жасақталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті қаражат та облыс бюджетінде қарастырылды.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің базасында комиссия мүшелерінің жұмысы үшін қажетті оргтехникамен жабдықталған кабинет ұсынылды.

Өңірлік комиссияның толыққанды және тиімді жұмысын ұйымдастыруда тәжірибелік әдістерді айқындау кезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев қойған міндеттерді, Мемкомиссия төрағасының тапсырмаларын, өңірлік жұмыс топтары үшін әдіснаманы  және жадынама-нұсқаулықтар басшылыққа алынып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылғы 24 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале