28.06.2024, 11:33
Оқылды: 102

Онкологияға қажет қымбат дәрілерді ұшақпен тасымалдау жолға қойылды

Алматыдағы Ядролық физика орталығы онкологиялық науқастарға арналған тез бұзылатын дәрілерді Қазақстанның түрлі қалаларына ұшақпен тасымалдауға мүмкіндік алып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімет айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

CF9076A3-806A-4890-A884-4E78CB35DDDE

Фото: pixabay.com

«Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Саябек Сахиевтің сөзінше, бұл жоба денсаулық сақтау, көлік министрліктері мен Парламент палаталарының, МАГАТЭ-нің бірлескен жұмысының арқасында іске қосылып отыр.

«Ядролық медицина – ядролық физика мен технологияның қосындысы. Бұл жерде Көлік министрлігі де өз үлесін қосып отыр. Air Astana да бар күшін салды. Бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару арқылы осындай шаруаны тындырдық. Бұл шара әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын. Ядролық физика институты өз өнімдерін 5 елге экспорттап отыр. Франция, Германия, Ресей және Түркия сияқты елге өндіріске қажетті радиоизотоптар экспортталады. Былтыр МАГАТЭ мен Қазақстанның Энергетика министрлігі әріптестік құжатқа қол қойған болатын. Соның аясында МАГАТЭ-нің қаржысына маусым айыннан бастап диагностика және жүрек ауруларын емдеу үшін радиоактивті фармацевтикалық өнімдерді жеткізе бастадық», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале