22.04.2024, 10:46
Оқылды: 6

Оңтүстіктен келген ұландықтар Батыс өңірінде су тасқынына қарсы күресуде

Қазіргі таңда елімізде орын алған, төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында жағдай өте күрделі. Осыған орай, су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шараларға еліміздің төтенше жағдай қызметкерлері мен қатар әскери құрылымдар оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлері де жұмылдырылған. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Батыс Қазақстан және Атырау облысына Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларынан 1000 ға жуық Ұлттық ұлан қызметшілері жіберілген. Солардың бірі Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Набиғазы Мақсат. Сарбаз үшін қаптың ауырлығы емес, ел алдындағы жауапкершіліктің жүгі маңызды. 

WhatsApp Image 2024-04-21 at 22.15.33

- Біз еліміздің батыс аумағында болып жатқан табиғи апатты естіген сәттен бастап жолға шыққан едік. Қазіргі уақытта осы аймақтағы бөгеттер тұрғызу жұмыстарымен қатар үйлерін су басқан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарымен шұғылданып жатырмыз. Қазіргі таңда біз бұл табиғи апаттың екінші толқынының алдын алу үшін бар күшімізді салып жатырмыз, - дейді Мақсат Махмутұлы.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының тұрғындары су тасқынының екінші толқының күтіп, құм толтырылған қаптардан бөгеттер салып қамданып жатыр. Сонымен қатар бүгінді таңда аталмыш аймақтарды 2000 ға жуық ұландықтар да қызмет атқарып жатыр.

WhatsApp Image 2024-04-21 at 22.15.32

Жалпы су тасқыны басталғаннан бері құқықтық тәртіп әскерлерінің 120-дан астам авиа және автомобиль техникасы тартылғанын атап өткен жөн. 1679 адам эвакуацияланды, инертті материалдары бар 960 мыңнан аса қапшық дайындалды және төселді, ұландықтар 244 тонна гуманитарлық көмекті түсірді, ал Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 138 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

WhatsApp Image 2024-04-21 at 15.02.25 (1)

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале