18.06.2024, 14:31
Оқылды: 227

Oписторхоз ауруы: БҚО-да эпидемиологиялық жағдай қалай?

Жыл басынан бері облыста описторхоз ауруының 66 жағдайы тіркелді. Былтырғы жылдың бес айымен салыстырғанда бес жағдайға төмендеген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

8B29350D-16D4-4CB2-A2DB-1C992BD01DB4

Фото: pixabay.com

«Описторхоз – адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын құрт ауруы. Описторхоз инфекциясы шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы (карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде және зарарсыздандырылмаған кесу құралдарын, пышақтар мен ыдыстарды қолданғанда және балық тағамдарын дайындау кезінде пайда болады», дейді маман.

Описторхоздың алдын алу үшін:

– балықты термиялық өңдеу ережелерін қатаң сақтау қажет

– шикі немесе термиялық өңделмеген балықты тұтынбаңыз, балықты кескеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз

– белгіленбеген орыннан балық сатып алмаңыз

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале