26.09.2024, 12:30
Оқылды: 114

Орал әкімдігі әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Орал қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

3C43565F-8A6C-48BB-99DD-A2DFD4061237

Сурет: әкімдіктен

«WhatsАpp әлеуметтік желісінде Оралда су тасқыны кезінде баспанасын су басқан, алайда бірнеше үйі бар азаматтарға материалдық көмек беріледі деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тұрғындардан жалған хабарламалардың жетегінде кетпей, тек ресми ақпарат көздерін назарға алуды сұраймыз», - деп мәлімдеді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале