Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізді. Бұл туралы АШМ хабарлады.
Сурет: АШМ
«Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды. Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал–Самара тасжолының бойында орналасқан.
Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, заң бұзушылық жойылды», - деп хабарлады АШМ.