31.10.2025, 11:00
Оқылды: 177

Орал: Алдағы екі жылда жылу құбырларының 50% жаңарту жоспары тұр

 Халықпен кездесу барысында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қалада су, жылу құбырларын жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

WhatsApp Image 2025-10-31 at 11.52.16

Былтыр 1,3 млрд теңгеге бір магистралдық желі жаңартылса, биыл 9,9 млрд теңгеге қаладағы тағы бір ірі магистралдық желі жаңғыртылған.

- Былтырғы жұмыстардың нәтижесінде 12 әлеуметтік нысан мен 63 көп қабатты үйге үздіксіз жылу беру жұмыстары жүрді. Биыл қаладағы ең ірі магистралдық желіні жаңғыртқанымыздың арқасында 75 көп қабатты үй мен 7 әлеуметтік нысанға үздіксіз жылу берілуде. Алдағы екі жылда тағы үш магистралды желіні жаңғырту жоспары тұр. Ол үшін 8,1 млрд қаржы жоспарланып отыр. Егер осы жұмыстардың бәрі іске асса біз қаладағы жылу желілерін 50%-ға жаңартамыз, -  деді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов.

Орал қаласындағы су және жылу желілерінің әбден тозғаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қалада бірқатар жұмыстар жасалуда.

Қала әкімі өз сөзінде қаладағы ірі су жинау станциясында жаңғырту жұмысы жүріп жатқанын атап өтті. Ол үшін бюджеттен 12,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаланы таза ауыз сумен үздіксіз қамтамассыз ету үшін қалада тағы 5 су ұңғымасын салу жоспары бар, - деді қала әкімі Мұрат Байменов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале