21.08.2023, 16:15
Оқылды: 63

«Орал-Астана» бағытындағы пойызда әйелді жолсеріктер босандырып алды

17 тамыз күні 58/57 «Орал-Астана-Нұрлы жол-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы Астана қаласынан Оралға беттейді. Әдеттегідей жолаушылар тиелген пойызда дәл сол күні сәби дүниеге келеді дегенді ешкім ойламағаны анық. Бірақ 2002 жылғы келіншектің толғағы ұстап, Көкшетаудан аса бере дүниеге қыз баланы әкеледі. Ал әйелдің босануына сол пойыздың бастығы Берік Құсанов пен жолсерік Нұрхат Орынбасаров көмектескен. 

иииии

- Көкшетау станциясы мен Жаңа Есіл станциясы аралығында әйел адамның толғағы басталды. Таңғы 4-5-тер шамасы еді. Қасында енесі болды. Екеуі Астана қаласынан Оралға жол жүріп келе жатқан беті екен. Біз Жаңа Есіл станциясына жедел жәрдем шақырып қойдық. Пойызда әйел адамды іштегі бригаданың күшімен босандырып алдық. Сол күні 30-шы вагонда «Көкшетау-Ақтөбе» бағытында балаларды алып келе жатқан топ болды. Қастарында  мейіргер бар екен. Сол жігіттің көмегі көп тиді. Бәріміз жабылып жүріп, әйел адамды аман-есен босандырып алдық. Сосын оны Жаңа Есіл станциясынан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырдық. Әйел адамның қызы бар, - дейді 58/57 «Орал-Астана-Нұрлы жол-Орал»  бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Берік Құсанов.

поезд1

поезд

Әйел адам 17 вагонда босаныпты. Берік Құсановқа қасындағы серіктесі  Нұрхат Орынбасаров көмектескен.

Жолаушылар пойызында босанып қалған әйел адам Жәнібек ауданының тумасы екен. Ол төркіндеп келе жатқанын айтыпты.

Бірақ жолдағы жағдайға байланысты оны пойыздан түсіріп, жедел жәрдемге салып жіберген.

- Жолда мұндай күтпеген жағдайлар өте көп болады, - дейді жолсеріктер.

WhatsApp Image 2023-08-21 at 14.09.28

- «Орал-Астана» бағытындағы нөмірі 58-57 пойызында 4 бригада жүреді. Біздің бригада осымен екінші мәрте жолда әйел адамды босандырып алып отырмыз. Былтыр Қандыағаш ауданына бара жатқан бір әйел адам да пойызда босанып қалып еді. Осымен мынау екінші әйел адам. Жолда көп нәрсе болады ғой негізі, біз осымен екінші жақсы жаңалыққа куә болып отырмыз. Қазақ көбейгені қуантады бізді, - дейді  58/57 «Орал-Астана-Нұрлы-жол-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Берік Құсанов.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале