Бұл туралы «ЖайықЖылуҚуат» АҚ бас директорының м.а Бекболат Камешов айтты.

Оның айтуынша, Орал қаласы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Бүгінгі күн қаладағы барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Енді тек көп қабатты үйлерді қосу қалған.
«ЖайықЖылуҚуат» мекемесі жылыту маусымына дайындықты ойдағыдай аяқтаған. Тек бір "әттеген-ай" дегізер тұс бар. Ол тұрғындардың қарызы.
-Бүгінгі күні Орал қаласының тұрғындары жылуға 368 млн теңге қарыз. Бұл қарызды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Иелері жоқ пәтерлерге жылу беруді тоқтату мәселелерін қарастырып жатырмыз, - деп атап өтті «ЖайықЖылуҚуат» АҚ бас директорының м.а
Бекболат Камешов.