«Орал – Бузулук» бағытындағы тас жолының 28 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Құрылыстың басталғанына бір ай болған. Қазір құрылыс жұмыстарының нағыз қызған шағы.
Жұмыстың қайнап жатқан уақытында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысты. Осы жол құрылысына деп 1 млрд қаржы бөлінген. Депутаттар бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, жұмысты сәтті аяқтауға тілектестік білдірді.
«Орал – Бузулук» бағытындағы 28 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын бастадық. Жұмысты қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Бүгінде 28 шақырымның 10 шақырымына асфальт төселінді», - деді «ҚазАвтоЖол» мекемесінің БҚОФ директорының орынбасары Елдар Садық.
zhaikpress.kz