27.05.2022, 22:20
Оқылды: 193

«Орал – Бузулук» бағытындағы тас жолдың құрылысы қыркүйекте аяқталады

«Орал – Бузулук» бағытындағы тас жолының 28 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Құрылыстың басталғанына бір ай болған. Қазір құрылыс жұмыстарының нағыз қызған шағы.

IMG-20220527-WA0085

Жұмыстың қайнап жатқан уақытында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысты. Осы жол құрылысына деп 1 млрд қаржы бөлінген. Депутаттар бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, жұмысты сәтті аяқтауға тілектестік білдірді.

«Орал – Бузулук» бағытындағы 28 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын бастадық. Жұмысты қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Бүгінде 28 шақырымның 10 шақырымына асфальт төселінді», - деді «ҚазАвтоЖол» мекемесінің БҚОФ директорының орынбасары Елдар Садық.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале