Орал қаласы әкімінің м.а. өкімімен Азамат Гиниятов Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гиниятов Азамат Есентайұлы 1995 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі КММ-нің кеңесші маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары:
2021 жылдан бастап Орал қаласы ішкі саясат бөлімі ақпарат және қоғамдық даму секторының меңгерушісі қызметін атқарды.