Су тасқынынан зардап шеккен саяжайдағы үйлерді бұзу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Қазір қала маңындағы саяжайлардан 1900 үй бұзылған.

Бұл босаған жерлердің бәрі мемлекет балансына түгел алынып үлгерген. Енді бұл жерлер ешкімге де берілмейді. Бұл туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов айтты.
-Саяжайдағы жер телімдері түгелдей мемлекет теңгеріміне өтті. Енді ол жерлер мемлекеттің меншігі саналады. Біз ол босаған жерлерді қала тұрғындарына бермейміз. Себебі су тасқынының қаупі қай кезеңде де болатыны сөзсіз. Қазір әкімдікпен ол саяжай жерлеріне жылыжай салып, бақша өнімдерін өсіремін дейтін азамттар болса мүмкін сондай тұлғаларға ғана беретін болармыз. Себебі қазір біздің қаланы экологиялық таза өніммен соның ішінде көкөніс өнімдерімен қамту мәселесі өзекті. Нақты айтарым енді ол жерлер үй салатын азаматтарға берілмейді. Басқа нұсқаларды біз әлі қарастырған жоқпыз, - деді қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz
