Себебі саяжай тұрғындары үшін қазір тұрып жатқан үйлері жалғыз паналайтын баспаналары. Ол суға кетсе баратын жер, басар тауымыз жоқ деген халық наразылық акциясына шығып отыр.
Оқиға орнына қала әкімі Миржан Сатқанов барды. Қала әкімі тұрғындармен сөйлесті. Кейін тұрғындар жолды ашып, тарады.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыстанды. Ешқандай күш қолдану болған жоқ, халықтың арасында құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ деп хабарлады.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz