Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі және Орал қаласы мәслихатының келісімімен ротация бойынша Орал қаласының әкімі болып Шыныбеков Абат Абайұлы тағайындалды.
Шыныбеков Абат Абайұлы - 1973 жылы дүниеге келген. Білім жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі.
Әр жылдары:
- Қаратөбе ауданының әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі,
-Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор,
- Казталов ауданының әкімінің орынбасары,
- Орал қаласы әкімдігінде бөлім бастығы, әкім кеңесшісі
- «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
-Орал қаласының мәслихат хатшысы;
- Сырым ауданының әкімі болып қызметтер атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап Казталов ауданының әкімі болды.