24.05.2024, 12:30
Оқылды: 0

Орал қаласынан Шымкентке рейс ашылады

Бұл жаңалықты Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

аэропорт жп

4 маусымнан бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Шымкентке маусымдық рейстер қайта басталады. Рейстер аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.

Еліміздегі ең үлкен мегаполиске Fly Arystan лоукостері 180-орындық Airbus А-320 заманауи әуе лайнерлері арқылы ұшады.

Рейстер жаз бойы жоспарланған.

- Бұрынғыдай біз үшін басты мақсаттардың бірі ел ішінде сұранысқа ие бағыттар бойынша тікелей рейстердің санын арттыру. Олардың бірі сөзсіз Шымкентке баратын рейс, - деп атап өтті әуежайдың бас директоры Рустам Бектеміров.

Билеттер FlyArystan әуекомпаниясының сайтында сатылып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале