1.11.2022, 17:01
Оқылды: 64

Орал қаласында 6 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды

Орал қаласында 6 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10

Фото дереккөзі: aikyn.kz

«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС мәліметіне қарағанда, Деркөл және Зачаган кенті, «Телеорталық», «Ескі әуежай», «Құрылысшы» шағынаудандарында электр желілері апаттық жағдайда ажыратылды.

Қала бойынша барлығы 6 321 абонент электр жарығынсыз қалды.

Тұрғындар сонымен қатар жол қатынасында да қиындық туындағанын хабарлап жатыр.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі таңда шаһарда «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС-ның 8 апаттық бригадасы жұмыс жасауда. Оған қоса 2 бірлескен диспетчерлік қызмет электрге қосумен айналысуда. Барлығы 10 бригада іс үстінде.

Сондай-ақ Оралда қар тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында алғашқы қар жауғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале