4.11.2021, 17:27
Оқылды: 44

Орал қаласында «Аңсаған сәбимен» алғашқы нәресте дүниеге келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. 

76

Өкінішке қарай, Қазақстанда әр­бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандас­та­ры­мыз­дың 20 пайызға жуығы мұны ажы­расуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мем­ле­кеттермен салыстырғанда көңіл көншіт­пейді.

Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңса­ған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстра­кор­пораль­ды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет»,-деген.

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы бастау алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – көмекші репродуктивті технологиялар көмегімен Қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсарту.

Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы Медициналық сақтандыру қоры экстракорпоралды ұрықтандырудың 7000 циклын қаржыландыру жоспарлаған.

Жасанды ұрықтандыруды жасату квоталарының саны өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өсті.

Жақында біздің облысымызда да Президенттік бағдарлама аясында алғашқы нәресте дүние есігін ашты.

81

Репродуктивті медицина институтының репродуктолог дәрігер  Людмила Бадельбаеваға 34 жастағы Ольга Н. (әйел адамның сұрауы бойынша аты-жөні өзгертілген) жүгінді. Төрт жыл нәтижесіз емделуден кейін, «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасының арқасында көптен аңсаған арманы орындалды. Әйел адам осыдан бір ай шамасында Орал қаласында салмағы 3250 грамм, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале