1.06.2017, 14:16
Оқылды: 75

Орал қаласында балалар өнер ұжымдарының мерекелік шеруі өтті  

received_10209255807284638Орал қаласындағы Абай алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің мерекелік шеруі өтті. Республика көлемінде тұңғыш рет барлық қалада бір мезгілде ұйымдастырылған бұл шеруге Орал қаласында 1500-нан астам оқушылар қатысты.


received_10209255806004606Мерекеге сай әсем безендірілген алаңмен қызылды-жасылды киінген барабаншылар, ұлттық және үрмелі саз аспаптары оркестрлері мен ансамбльдері, хор және би ұжымдары нақышты қимылдарымен жүріп өтті.

Олардың арасында халықаралық, республикалық деңгейдегі алуан түрлі байқаулардың жеңімпаздары – С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ мектеп-интернат кешенінің үлгілі «Атамұра» халық 20170601_102159аспаптары оркестрі, осы білім ошағының балдық би тобы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің баяншылар ансамблі, қаладағы №1, №2, №3 саз мектептерінің бірлескен скрипкашылар ансамблі, №5 балалар саз мектебінің «Арман» хоры, Вальдоров бағытындағы мектеп-гимназияның флейташылар тобы, Қазталов ауданының «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, Бөрлі ауданының «Назерке», «Қарлығаш» би топтары және басқа да өнер ұжымдары бар.

received_10209255807564645Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев алаңға жиналған мерекелік шара қонақтары мен музыкалық шеруге қатысушы балғын өнерпаздарды құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.

- Баршаңызды шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Бала – біздің жарқын болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан оларға қамқорлық жасаудан аянып қалмауымыз керек.

Кейінгі жылдары облыс көлемінде заманауи талаптарға сай жаңа мектептер көптеп салынуда. Ол жерде оқушылардың халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуына бар мүмкіндік туғызылған.

received_10209255806844627Бүлдіршіндердің өсуі және рухани дамуы үшін барлық қажетті жағдайлары жасалған балабақшалар іске қосылуда, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған жобалар қолға алынуда. Сәбилеріміздің балдәурен шағын еш алаңсыз, бақытты өткізуіне барлық жағдайды жасап жатырмыз.

«Шерудің мақсаты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдің жүріп өтуін қолдау және дамыту.

received_10209255809964705Сондай-ақ шерудің міндеті балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, өзінің білім беру ұйымы үшін мақтаныш сезімін оятып қана қоймай, республиканың оқу мекемелерінің беделін көтеру және оны жарнамалау болып табылады. Бүгінгі шараға тек қаладағы ғана емес, облыс аудандарындағы өнер ұжымдарының да қатысуы көңілге қуаныш ұялатты», - дейді мерекелік шараны ұйымдастырушылардың бірі – «Өркен» қосымша білім беру орталығының директоры Айболат Қожанғалиев.

Сәні мен салтанаты келіскен мерекелік шара қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлағаны анық.

Айгүл Ахметова

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале