26.10.2021, 16:20
Оқылды: 20

Орал қаласында кәмелетке толмаған баланы автокөлік қағып кетті

26.10.2021 ж. сағат 10.00-де "Тойота-Прадо" автокөлігінің 1974 ж.т.,И есімді жүргізушісі Кердері көшесі бойындағы 136-үйге қарама-қарсы 2011 ж. т. "Н" есімді кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

23

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Н"есімді кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі жарақаттармен Орал қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Жүргізілген медициналық куәландыру бойынша жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайларды анықтау барысында жасөспірім дүкеннен үйіне жалғыз келе жатқан. Ол екінші ауысымда оқитын 5-сынып оқушысы екен.

Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Сонымен қатар, БҚО ПД Жол қозғалысының барлық қатысушыларына белгіленген жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Жүргізушілерге автокөлікті жүргізген кезде қырағы болу қажет, себебі ЖКО-ның басым бөлігі жол ережерін сақтамау салдарынан орын алуда. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері балаларының өмірі мен денсаулығына жауапты болуы керек.

Балалардың жүріп-тұруы ата-аналарының назарында болуы қажет.

БҚО ДП Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале