12.03.2024, 19:00
Оқылды: 92

Орал қаласында «Көрісу күні» жаңа алаңда киіз үйлер тігіледі

Биыл 14 Наурыз Көрісу күні - Амал мерекесі кең көлемде тойланады. Биыл бұрын сонды болмаған мерекелік көңіл-күй сезілетін болады.

Бұл туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев айтты.

арсен

- «Көрісу күні - Амал мерекесіне» орай ҚР Тұңғыш Президент алаңына киіз үйлер тігіліп, өңіріміздің шаруа қожалықтары ұлттық дәм ұйымдастырады. Басты мақсат ­– дәстүрді жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын ояту. Осы жерде, яғни киіз үй құрылған аумақта шағын концерттік бағдарламалар қойылады. «Атамекен» өнер ордасының мейрамхана залында өңіріміздегі ұлттық тағамдар дайындайтын кәсіпкерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылса, фойеге салт-дәстүр, мәдениет пен өнер бағытын қамтитын көрме жасақталады,- деді қала әкімінің орынбасары Арсен Зинатұлы.

Өңірлік коммуникациялар алаңында сөз алған қала әкімінң орынбасары Арсен Ғұбашевтың айтуынша осы күннің басты шарасы ­– республикалық VII «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі. Фестивальге ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, «Құрмет» орденінің иегері Сарсенғали Жүзбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіманов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов және т.б өнер тарландары келіп қатысады деп күтілуде.

- Бұдан бөлек, «Көрісу күні» мерекесіне орай әр түрлі іс-шаралар қаладағы аула клубтары, комьюнити орталықтары мен кітапханаларда өтеді. Сонымен қатар әуежай, теміржол вокзалы, халыққа қызмет көрсету орталығы, қоғамдық көлік және сауда үйлерінде көшпелі концерттер ұйымдастырылады,- деп қорытындылады өз сөзін Арсен Зинатұлы.

#nauryznamabqo

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале