12.06.2025, 16:00
Оқылды: 216

Орал қаласында он жаңа автобус

Таяуда Орал қаласындағы  Сарытау  және  Құлагер  шағынаудандарына  қатынайтын  бағыттарға  жаңа  он  автобос  берілді.  Қоғамдық  көліктердің  кілттері  «Салтанат  сарайы» мейрамханасының  жанында ресми  түрде  жүргізушілерге табысталды.

автобус

Аталмыш іс-шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов, «Батыс Қазақстан аутобос паркі» ЖШС-ның бас директоры Асхат Кульбаев және қала тұрғындары қатысты. Қала әкімінің айтуынша, қала ішіндегі қоғамдық көліктерді жаңарту 2021 жылдан бастап қарқынды жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде тозығы жеткен аутобостардың саны 46%-дан 24%-ға төмендеген.

DSC05176

– Орал қаласындағы жолаушылар көлігі 26 қалалық, 10 саяжай және 7 қала маңында орналасқан шағынаудандар бойынша бірнеше бағытқа бөлінген. Қазір күнделікті тұрақты негізде 280-нен астам қоғамдық көлік тұрғындарды тасымалдайды. Күн сайын орта есеппен алғанда 180 мыңға жуық, ал жылына 55 млн жолаушы қоғамдық көлікпен қатынайды. Қала бойынша алты тасымалдаушы аутобос паркі бар. Солардың бірі – «Батыс Қазақстан аутобос паркі» ЖШС. Аталмыш серіктестіктің меншігінде 130-дан астам аутобос, 450-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде серіктестіктің тұрағы «Yutong» (Ютонг) ныспылы үлкен аутобостармен толығуда. Яғни Сарытау және Құлагер шағынаудандарына қатынайтын №2 он аутобос жаңарады. Соңғы үлгіде жасалған бұл жаңа аутобостар Қарағанды қаласында құрастырылған. Жолаушыларға жайлы болу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Жылыту және салқындату құрылғылары, бейнебақылау жүйесі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы саты мен орындар бар. Аутобостарды жаңарту мақсатында қалалық бюджеттен жыл сайын 5,8 млрд теңге бөлінеді. Жергілікті бюджеттен субсидия негізінде 2021-2025 жылдары қаламыздағы тасымалдаушы кәсіпорындар 170-ке жуық жаңа аутобос сатып алды, – деді қала әкімі.

DSC05201

Халық игілігіне берілген жаңа «Yutong» (Ютонг) ныспылы аутобостардың данасы 70 млн теңге тұрады. «Батыс Қазақстан аутобос паркі» ЖШС-ның бас директоры Асхат Есмұханұлы жаңа қоғамдық көліктер жолаушыларға жайлылық сыйлайтынын атап өтті. Содан кейін Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов жаңа аутобостардың жүргізушілеріне кілттерді салтанатты түрде табыстап, темір тұлпарлардың ішіне  шолу  жасады.

Нұрым Қайырболатұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале