1.10.2026, 22:00
Оқылды: 0

Орал қаласында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына инспекциялық аралау жүргізілді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына аралау жүргізілді.

IMG_20261001_192940_245

Фото: minpromstroykz

Бұл шараға қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесов, жергілікті атқарушы органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сапар барысында С. Камалов, Тәуелсіздік және А. Черекаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің жай-күйі мен құрылыс барысы жан-жақты қаралып, үлескерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. С. Камалов пен Тәуелсіздік көшелеріндегі нысандар бойынша тиісті рәсімдерді аяқтау бағыттары пысықталса, бастапқы сатыда тұрған А. Черекаев көшесіндегі үйдің құқықтық және қаржылық тетіктері қарастырылды.

Руслан Лепесов әрбір нысанның мәртебесін ескере отырып, азаматтардың мүддесін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

IMG_20261001_192945_925

Сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беру мақсатында eGov Mobile порталы мен iBOTA онлайн-орталығының жұмыс істейтіні атап өтілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале