8.08.2025, 16:00
Оқылды: 165

Орал қаласында заманауи урбанистика бағытында ынтымақтастық нығаюда

Астана қаласының Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.38.22

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Орал қаласында жаңа ұлттық стандарттарға сай қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін арнайы жер телімі белгіленді. Бұл – қалалық ортаны заманауи, қолайлы әрі жайлы етуге бағытталған қадам.

Сапар барысында өңірді дамыту, қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, көше инфрақұрылымын жақсарту және қала келбетіне заманауи урбанистік шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Елнар Базыкен урбанистика саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, Астана қаласының Урбанистика орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуы мүмкін жобалар қарастырылып, келешек ынтымақтастықтың бағыттары пысықталды.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.38.22 (1)

Кездесу қорытындысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Урбанистика орталығы өзара әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале