Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотымен «Аванс 07» ЖШС-нің басшысына қатысты тиісті лицензиясыз заңсыз микрокаржылық қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша үкім шығарылды.

Тергеуді Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА-нің департаменті жүргізді. Сот қарауы барысында 2021–2025 жылдар аралығында азаматтарға ақша беру қызметі «Uralsk zoloto» комиссиондық дүкені атын жамылып жүргізілгені анықталды. Заңсыз қызметті жасыру мақсатында комиссия және зергерлік бұйымдарды сақтау шарттары рәсімделген, алайда іс жүзінде азаматтарға уәкілетті органның лицензиясынсыз пайызбен қарыз берілген. Заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 155 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында Департамент қызметкерлерімен 2000-нан астам келісімшарт, электрондық тасымалдағыштар, құжаттар және ақша қаражаттары тәркіленді. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 214-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 479 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
БҚО бойынша ЭТТД