28.05.2026, 16:15
Оқылды: 10

Орал қаласында жол жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда

Орал қаласында автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңғырту бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
жп жол (4)
Сурет: Сайт архивінен 
Бүгінде бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары аяқталса, кей учаскелерде реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Бутин көшесінің Тәуелсіздік көшесінен Жұмағалиев көшесіне дейінгі 635 метр жол учаскесінде реконструкция жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Сарайшық көшесінің Даумов көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі және Мұхит көшесінен Айтиев көшесіне дейінгі учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға қабылдау кезеңінде тұр.
Қазіргі уақытта Сыбаға көшесінің Орманшы көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі бөлігінде реконструкция жұмыстары басталды. Сондай-ақ Школьная көшесі, Школьный тұйығы және Екінші Школьный тұйығы бойындағы жолдарды жаңғырту жобалары іске асырылуда.
Бұдан бөлек Есқалиев көшесінде реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда инженерлік желілерді көшіру және жер жұмыстары атқарылуда.
Ветелки ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу жобасы басталды. Ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын жоба екі жылға жоспарланған.
Исатай батыр көшесі бойындағы реконструкция жұмыстары да жалғасуда. Жоба аясында өткен жылы жолдың негізгі бөлігі жөнделсе, биыл қалған учаскені аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Орал – Желаев автожолының Сырым Датов көшесінен Бәйтерек ауданы шекарасына дейінгі 7,6 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жүргізу көзделген. Қазіргі уақытта мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурс рәсімдері өткізілуде.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале