6.06.2018, 14:27
Оқылды: 34

Орал қаласындағы көше бойынан граната табылды

Оралда Производственная көшесі бойынан граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 20.15-те гранатаға ұқсас зат табылған. Арнайы шаралар барысында ол шынында да Ф-1 гранатасы болып шықты. БҚО ішкі істер департаменті оқу-жаттығу взводының саперлары қаладан үш шақырым жерде әскери гранатаның көзін жойды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале