17.01.2022, 13:05
Оқылды: 210

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін үміткерлердің құжаттары қабылдануда

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жарияланғанын хабарлайды.

E9EED7D2-E141-4032-B2A3-B82E5D8BACB8

Құжат қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарынан 21 ақпанға дейін жалғасады. Комплекстік тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Үміткерлер математика, сандық сипаттама, жаратылыстану және қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тест тапсырады. Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады.

DB703013-832D-4992-AC6C-3EF91AF23649

Айта кетейік, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылы Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясында өзінің ұйым анықтаған стандарттарға сәйкестігін дәлелдеп, халықаралық дәрежедегі білім беруге қабілетті екенін мойындатты. Мектепте 123 жергілікті және 4 шетелдік педагог қызмет етеді.

Конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты Московская көшесі 16-үй немесе 8 (7112) 24 65 12 нөмірі арқылы білуге болады.

DF76945D-00C2-4D47-BB58-E4098EE4BCEF

81C590E6-1D5B-43EC-BD55-9D0B5322E91F

AF8E86C2-43B2-499E-9496-3E34884D1F28
C1D1785B-2884-400E-B115-02DC31F74485
Орал қалалық НЗМ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале