10.06.2025, 9:45
Оқылды: 121

Орал қаласындағы сорғы станциясында апатты жағдай болды

Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан көтеріңкі сорғы стансасының машина залы суға толып кеткен, - деп жазады Kazinform.

ce84ea19-ccc8-4687-9164-eef91a064fe8

Сурет: kaz.inform.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, апатты жағдай 9 маусым күні аталмыш станцияны қарау кезінде сағат 14.30-да белгілі болды.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдарын «Батыс су арнасы» ЖШС мамандары анықтап жатыр.

- Аталмыш нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер ұйым «Кульсай Строй» ЖШС жүргізді. Тапсырыс беруші – Орал қаласының құрылыс бөлімі. Келісім-шартқа сәйкес кепілдік міндеттемені мердігер ұйым мойнына алған. Осы апатты жағдайға сәйкес қаланың 10-шағынауданындағы көпқабатты үйлерде, әсіресе, бесінші қабаттан жоғары бөлігінде сумен қамту қысымы уақытша төмендеуі мүмкін, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале