12.06.2019, 10:04
Оқылды: 54

Орал қаласының әкімдігі бағдаршам жұмысындағы өзгеріс жайлы хабарлады (ВИДЕО)

2019 жылдың 20 маусымнан бастап Құрманғазы мен М.Маметова, М.Маметова мен Петровский көшелерінің қиылысында, бағдаршамдардың жұмысына өзгеріс енгізіледі. Яғни «қызыл+» жарық сигналының қосымша секциясы жұмыс істейді.

15

Осы қосылған қосымша секциясы келе жатқан көліктерге (яғни, қиылыстың қарама-қарсы жағында) жүруге тыйым салатын қызыл сигналы жанып тұрғанын хабарлайды. Бұл сол бағытқа кедергісіз бұрылу үшін мүмкіндік береді. Себебі алдағы қарама-қарсы қозғалыстың болмауына байланысты. «Қызыл+» сигналы сөнгеннен кейін, жолдың ережелеріне сәйкес көліктердің қарсы қозғалысын өткізіп, қалыпты режимде солға маневр жасауға болады.

         «Қызыл+»  қосымшаның көрсеткіден  қандай айырмашылығы бар? «Қызыл+» сигналының артықшылығы - қосулы немесе сөніп тұрғанына қарамастан, солға қарай қозғалысқа тыйым салынбайды.

Жаяу жүргіншілерге рұқсат ету сигналы, «қызыл+» сөнген кезде ғана қосылады. Сол бағытқа бұрылған кезде кедергісіз өтіп, «қызыл+» бағдаршамы жанып тұрған кезде көлік жүргізушілеріне көбірек сол бағытқа  маневр жасауға мүмкіндік береді.

                                                     Орал қаласының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале