13.12.2018, 10:00
Оқылды: 25

Орал қаласының әкімдігі жолда абай болуды ескертеді

Кеше кешкілік бастаған жаңбырдың салдарынан қаладағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары көктайғаққа айналды.

 

Орал қаласының әкімдігі: "Тұрғындар мен қала қонақтарының жүріп-тұруларына қолайлы жағдай жасау мақсатында "Жайық Таза Қала" ЖШС жұмысшылары мен арнаулы техникалары кешеден бері күшейтілген жұмыс жасауда. Қала жолдарын, жаяу жүргінші жолдарын жəне аялдама бекеттерін тұз аралас құм себу жұмыстары кешеден бері тоқтамауда. Көлік жүргізушілерге жолда абай болуларын сұраймыз!" деп ескертті.

«Қазгидромет» БҚО филиалының 13-14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түсіп, қатты көктайғақ болуы мүмкін деген болжамы келуде.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілетінін, төтенше жағдайлар бола қалса, оны жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылатынын хабарлады.

Төтенше жағдай қаупі төнгенген жағдайда тұрғындар БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауы керек: 51-39-35, 51-42-22, 112.

Еске сала кетсек, өткен түнде қатты тайғаққа байланысты облыс орталығынан шығатын барлық бағыттағы жол жабылған болатын.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале